427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Он үш өңірде экономикалық өсім байқалды

  • 57
  • UPD: 11:40, 13.10.2020
Он үш өңірде экономикалық өсім байқалды

Өткен тоғыз айда негізгі капиталға 8,3 триллион теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында айтылды.

Тартылған инвестицияның көлемі бойынша 13 өңір өсім көрсетті. Ал ең жоғарғы көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Аталған аймақтарда әсіресе, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мұнда орындалған жұмыстар көлемі 10,5 процентке өскен. Сәйкесінше 9,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 процентке көп.

Хабар 24 телеарнасы