427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ке өскен

  • 113
  • UPD: 14:20, 13.10.2020
Елімізде машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ке өскен smkz.kz

Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіптің дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

Б.Атамқұловтың айтуынша, елімізде биылғы 9 айдың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жыл деңгейінде сақталды, деп хабарлайды primeminister.kz. 12 өңірде оң нәтиже көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 3,3% өсті. Бұл өсім қағаз өндірісі, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика сияқты салалар есебінен болды.

«Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс 16,6% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 51,6%, өзге көлік құралдарын жасау 100,4%, электр жабдықтарын жасау 3,5%, машиналар мен жабдықтар өндірісі 3% өсті», – деп хабарлады Б. Атамқұлов.

 

Хабар 24 телеарнасы