427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Банкноттардың бетінде коронавирустың болу ықтималдығы шамалы – Ұлттық банк

  • 75
  • UPD: 22:40, 13.10.2020

Ұлттық банк елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты банкноттардың екінші айналымға қалай шығатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық банктің мәліметінше, айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы.

Банкноттардағы COVID-19-дың «өміршеңдік мерзімі» тақырыбында әртүрлі пікір айтылады. Бір деректер бойынша вирус бөлме температурасында заттардың бетінде 28 күнге дейін, басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін өмір сүреді.

Ал Еуропа Орталық Банкінің өкілдері банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жойылады дейді. Бірақ вирустың өмір сүру уақытын анық білу үшін әлі талай зерттеу қажет. Осындай сантүрлі пікірлерге қарамастан Ұлттық банк қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. 

Жомарт Қажымұратов, ҚР Ұлттық банк қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры:

– Ұлттық банк әдеттегідей банкноттарды қайтадан айналысқа шығару алдында ақшаны банктік орауға орап, кемінде 14 күн сақтау орнында сақтайды. Осыдан кейін ғана біздің мамандар ақшаны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың өмір сүру ұзақтығы жөніндегі әр түрлі нұсқалардың болуы ескеріле отырып, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады.

Сондықтан да Ұлттық банктен айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы.

Жомарт Қажымұратов, ҚР Ұлттық банк қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры:

– Біздің ұсынымдарымызға сай екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» акционерлік қоғамы және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы зарарсыздандыруды жүргізеді.

Сақтықта қорлық жоқ. Сол себепті Ұлттық банк Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің орынды кеңестерін басшылыққа алуды ұсынады. Қай жерде жүрсеңіз де, жеке қорғану құралдарын қолданып, тазалықты ұмытпаған жөн.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы