428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнемделген қаражат ауыл-аймақты дамытуға жұмсалуы керек – Нұрлан Нығматулин

  • 134
  • UPD: 16:01, 15.10.2020
Үнемделген қаражат ауыл-аймақты дамытуға жұмсалуы керек – Нұрлан Нығматулин

Семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастыруға арналған қаражат көлемін қысқарту қажет.

Ал үнемделген ақшаны әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттаған жөн. Парламент Мәжілісінің төрғасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеді. Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі жұмыс тобына мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселені қарауды тапсырды. Қабылданған шешімдер 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілуі тиіс. Депутаттар ауылды аймақтарды ауызсумен қамту, елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен дәрігерлік амбулаторияларды ашу қажеттілігін алға тартты.
Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, квазимемлекеттік сектордағы игерілмеген қаражаттың бір бөлігін де осы мақсатта жұмсауға болады. Спикер фракция ел билігінің тапсырмалары мен партияның сайлауалды платформасын орындауға басымдық беретінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы