428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарау ұсынылды

  • 88
  • UPD: 10:50, 16.10.2020

«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 10,75% ставкамен, 15 жылға несие беріледі. Яғни айлық табысы 180 мың теңгеден төмен тұрғындар бұл бағдарламамен баспана ала алмайды.

Өйткені шарттары келмейді. Осыны негізге алған сенаттың вице-спикері Асқар Шәкіров пен депутат Ляззат Сүлейменова жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың шарттары қарапайым халық үшін тиімсіз деп мәлімдеді. Ал «Шаңырақ» немесе «5-10-20» бағдарламалары кірісін растай алмайтын қазақстандықтардың баспана мәселесін шеше алмайтыны анық. Осы бағыттағы жобалардың ішінен ең қолайлысы «7-20-25». Бұл бағдарламамен тек жаңа үйлерді алуға болады. Бірақ пәтерлердің көбі үйдің қабырғасы көтерілмей жатып, алыпсатарлардың қолында кетеді. Ал армандаған баспананы алдын ала алып қою үшін қыруар қаржы керек. Құрылыс компаниясына пәтер құнынының кем дегенде 30%-тін төлеуге тура келеді. Бұдан бөлек ай сайынғы төлемдер тағы бар. Ал құрылыстың уақытында аяқталарына ешкім кепілдік бермейді. Сайып келгенде бұл айлық табысы төмен тұрғындар үшін тиімсіз. Сондықтан депутаттар «7-20-25» бағдарламасының шарттарын өзгерітіп,  ескі үйлерді алуға мүмкіндік беруді ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы