427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ПТР-тесттің нақты бағасы қайта қаралуы мүмкін

  • 47
  • UPD: 15:54, 16.10.2020
Елімізде ПТР-тесттің нақты бағасы қайта қаралуы мүмкін

ПТР-тесттің нарықтағы нақты бағасы қайта қаралуы мүмкін. Мамандар оның көмегімен жүргізілетін диагностиканың қызмет ақысы өте жоғары деп отыр. Мұндай пікір бүгін сарапшылар мен қоғам белсенділері  қатысқан онлайн конференцияда айтылды.

Бүгінде COVID-19-ға қатысты ПЦР тестті елімізде үш компания жүргізеді. Қызмет ақысы 11 мың мен 15 мың теңгенің аралығында белгіленген. Монополияға қарсы қызмет медициналық зертхана шығындарын талдай келе, оның құнын сегіз мың теңгеге дейін түсіруге ұсыныс жасаған. Егер ол қолдау таппаса, компаниялардың белгілеген қызмет ақысына қатысты тергеу басталмақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Егер біз бұл тұста кемшілік тапсақ бірқатар шара қолданылады. Біріншіден, компанияның бір жылдық кірісінен 5 процентін тәркілейміз. Бұдан бөлек, монополиялық табысы алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы