427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажыратуға болады?

  • 112
  • UPD: 23:49, 16.10.2020

Ұлттық банк өкілдері жалған ақшаны түпнұсқасынан қалай ажырату болатынын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардын пайымдауынша, жалған қағазды анықтаудың үш негізгі әдісі бар. Мұны білген азаматтар көшірмені технологияның көмегінсіз тани алады.

Жалған ақшаны түпнұсқасынан ажырату үшін банкноттағы бірнеше белгіге мән берген жөн. Алдымен қағаз ақшаны қолға алған кезде, саусақпен бетіндегі бедерін тексеру керек. Жарыққа ұстап, екі жағын мұқият көру қажет. Шытырлаған дыбысы да болуы тиіс.

Асхат Әбішев, ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы департаментінің басқарма басшысы:

– Біріншіден, банкнотаны сезіну қажет. Банкноттар ерекше шытырлайды. Екіншіден, банкнот қағазында мөр басылған. Қазақстан Ұлттық Банкі деген сөздерінде, Қазақстанның картасында, артқы жағындағы номиналын қолмен сезінуге болады.

Сонымен қатар барлық банкнотта көзі нашар көретін адамдарға арналған бедерлер бар. Олар төменгі бөлігінде орналасқан. Қазақстанда көбіне 2 мың және 5 мың теңгелік банкноттар қолдан жасалады. Осыған байланысты азаматтар қолма-қол ақша алмасу кезінде сақтық танытқаны жөн дейді маман.

Асхат Әбішев, ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы департаментінің басқарма басшысы:

– Жарыққа тосып қарағанда, су тамғы белгісі бар, цифрлық номиналы бар. Үшіншіден, банкнотты аударып көру керек. Мың теңгеден бастап, 20 мың теңгеге дейін түсін өзгертетін жасылдан алтынға дейін элементі бар. Голлограмма суреті аударып көргенде жарыққа, динамикалық эффект береді.

Биыл жалған ақша саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 47 процентке азайды. Жалпы 2020 жылғы 7 ай аралығында айналымда болған төрт жүзге тарта жалған банкнот анықталды. Аталған заң бұзушылықтардың көбі Алматы қаласында тіркелді. Айта кеткен жөн, Ұлттық Банктің құнды қағаздары мен тиындарын қолдан жасау, сақтау және өткізу сияқты қылмыс жасағандардың бар мүлкі тәркіленеді. 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев, Хабар24, елорда

Хабар 24 телеарнасы