428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды

  • 98
  • UPD: 18:33, 17.10.2020

Қала тұрғындарының табиғи таза өнімді арзан бағаға сатып алуына мүмкіндік бар. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке қалада әр сенбі-жексенбі сайын өтіп жатыр.

Жәрмеңкеге құны 162 миллион теңге болатын 336 тоннадан астам Жамбыл облысының ауылшаруашылық өнімдері әкелінген. Атап айтқанда, 40 тоннаға жуық ет, 27 тонна сүт өнімдері, алты жарым тонна бал, 212 тонна жеміс-жидек пен көкөністі тұтынушы тікелей өндірушіден сатып ала алады. Тауар бағасы жергілікті нарықтан 15-20 процентке арзан. 

БЛИЦ:

- Арзан бағасы и көп. Екі мың бір жүзден жылқының етін жақсы. Сиырдың етін 1900-ден. Жақсы прям. Жұмсақ ет.

- Бағасы өте жақсы төмен. Бір 20-30 процент төмен. Сосын дәмі де, дәмін көремін. Дәмі де жақсы.

- Қолдың қаймағын, творогын, майын сырын, бұрыннан да мен келемін бұл жәрмеңкеге. Әр кезде әр облыстан келеді маған ұнайды. 

Жәрмеңкеде сиыр етінің бағасы 1900 теңге, жылқы еті 2 мың теңгеден басталады. Картоп 100-120 теңге. Сәбіз 110, пияз 60, қырыққабат 70 теңгеден сатылуда. Мұндай бағалар тұтынушы үшін тиімді. Өндірушілер де ұтылмаймыз деп отыр.

«Себебі екі күндік жәрмеңкеде көп көлемде тауар сатып үлгереміз» дейді олар.

Жадыра Исмаилова, жеке кәсіпкер:

- Өзіміздің малымыз. Өзіміз байлаймыз. Жеті жыл болды осы жәрмеңкеге келіп жүргенімізге. Бүкіл Қазақстан облыстарына барып жүрміз. Өзіміз келеміз, тауарымызды әкімшілік жеткізіп береді. Көп әкелеміз, 2 тонна, 3 тонна.

Андрей Иванников, жеке кәсіпкер:

- Транспортировка меды тегін. Автобус тегін. Дайындап береді, қойып береді бізге. 700-800 килограмм бал әкелдік.

Жәрмеңкеге әкелінетін ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы қатаң қадағаланады. Әсіресе ет өнімдері арнайы сараптамадан өтеді. Себебі таза, табиғи өнімге сұраныс та жоғары. Айта кетейік, өткен жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге төмен процентпен несие берілген. Бұл азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріпті.

Берік Нығмашев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Ет өнімдеріне келетін болсақ, арнайы мұздатқыштармен әкелінген. 2019 жылы 2,5 процентпен 7 миллиард теңге республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. 1,2 миллиард теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Сол жобаны іске асырып, бүгін нәтижесін көрудеміз.

Жәрмеңкеде өнімдердің бекітілген бағамен сатылуы мамандардың бақылауында. Тұтынушылар тауар бағасын арнайы тақтадан көре алады. 

Авторлар: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы