430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Риддер қаласындағы коқыс өңдеу зауыты шығынға батты

  • 292
  • UPD: 16:01, 19.10.2020

Шығыстағы Риддер қаласындағы коқыс өңдеу зауыты шығынға батып отыр. Бұл кәсіпорын биыл  сәуір айында іске қосылған. 

Тәулігіне 70 тонна қоқыс өңдей алады.  Аймақта алғашқы болып ашылған бірден-бір зауыт қазір өңдеген қағаз-картон және пластикті ешқайда жібере алмай отыр.  Бастапқыда пандемияның кесірінен шекара жабық болса енді жеткізу  құны қымбаттаған. Мәселен, 15-20 тонналық өңделген қоқысты Павлодар мен Семейге жеткізу өзін өзі ақтамайды. Ал зауытты салуға жеке кәсіпкер 300 миллионға жуық өз қаржысын салған. Енді осы қаржыны қалай қайтарарын білмей дал. Әзірге өңделген қоқысты қоймаға жинап отыр. 

Виктор Стребков, қоқыс өңдеу зауытының директоры:

- Өңдеген қоқысты сатқаннан түсетін пайда біздің көлікке жұмсаған шығынды да жаппайды. Сондықтан әзірге қоймаға жинап жатырмыз. Қағаз бен картон қабылдайтын Семейдегі кәсіпорыннан басқасын да  іздеп жатырмыз. Әзірше сұраныс жоқ.

Хабар 24 телеарнасы