423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ҰЭМ: Биыл жалпы ішкі өнім өсімі -2,1% болады

  • 100
  • UPD: 14:43, 21.10.2020
ҚР ҰЭМ: Биыл жалпы ішкі өнім өсімі -2,1% болады

Биыл Қазақстан экономикасының нақты өсімі минус 2,3 минус 2 процент аралығында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал келер жылы тұрақты өсім күтілуде. Халықаралық ұйымдар осындай болжам жасады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжіліс отырысында хабарлады. Ал министрліктің өзі 2020 жылғы нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі минус 2,1 процент болады деп отыр. Бұл тұста экономикалық сектордың барлық үрдістері ескерілген көрінеді. Ал халықаралық сарапшылар әлемдік экономика өсімі биыл минус 5 процент деңгейінде тіркелгенін айтқан. 2021 жылы саладағы процестер біршама реттеліп, оң динамика болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы