425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылады

  • 96
  • UPD: 14:18, 22.10.2020
Петропавл әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылады

Петропавл халықаралық әуежайы шығынға белшеден батты. Пандемия салдарынан жолаушылар саны күрт төмендеп кеткен. Қазір еліміздің солтүстігінен ұшақ қатынасы тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ғана жүзеге асырылуда.

Кәсіпорынның жұмысшылар алдында да берешегі бар. Бүгінгі күнге дейін 90 қызметкерге қарызы 24 миллион теңгеден асқан. Аэропорт басшылығы бұл шығындарды өтеуге қауқарсыз. Осыған байланысты стратегиялық маңызы бар нысан енді мемлекеттің меншігіне өтпек. Оның үстіне қыркүйек айында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары мұнда тексеріс жүргізген. Нәтижесінде  бірнеше заң бұзушылық анықталды. Жалпы естеріңізге сала кетейік, осыдан 3-4 жыл бұрын әуежайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұшып қону жолағы мен жолаушылар терминалы жаңартылған болатын. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Екі айдың ішінде әуежай банкрот деп танылу үшін арнайы процедурадан өтеді. Осылайша ол «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының балансына алынады. Жұмысшылардың қарызы қарашаның 10-на дейін кезең-кезеңмен өтеледі. Ал келер жылы аэропортты ұстауға қажетті қаражатты жергілікті қазынадан қарастырып қойдық.

Хабар 24 телеарнасы