424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада азық-түлік қымбаттады

  • 100
  • UPD: 15:49, 22.10.2020
Елордада азық-түлік қымбаттады

Жыл басынан бері елордада 19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы 109,3 процентке өскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина айтты.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 процентке төмен. Жалпы бағаның өсуі маусымдық сипатқа ие. Дәстүр бойынша қаңтардан бастап, сәуірге дейін байқалады. Ал мамыр айынан бастап, жаңа өнімге баға түсе бастайды. Сондай-ақ бағалардың өсуінде өндірушілердің шикізат, қаптау, буып-түю материалдарының қымбаттауы және көлік шығыстары көрсетіледі. Және оған алыпсатарлар да үлкен әсер етеді. Қала бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара қабылдануда. Бірінші «Айналым механизмі» бойынша 20 мың тонна өнімге келісім-шарттар жасалған. Яғни 7 субъектімен келісімге қол қойылып, 3,6 млрд теңгеге несие бөлінді. Бұл қаланың ірі сауда объектілерінде өнімді бекітіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы