422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда қазақ-британ инвестициялық форумы өтті

  • 112
  • UPD: 16:30, 22.10.2020

Маңғыстау облысында суды тұщыландыру зауытын салу жобасы қолға алынбақ. Ал Қызылорда өңірінде ірі ванадий кен орнын игеру жұмыстары басталады. Британдық компаниялар бұл жобаларға көп көлемде қаражат салуға ниетті. Бұл пандемияға қарамастан Лондонда онлайн форматта өткен үшінші инвестициялық форумның алдын ала нәтижелері.

Ковид-19 форумды виртуалды алаңға көшіргенімен оған әлемнің түкпір-түкіпірінен 500-ден астам бизнес және сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ экономистер қатысты. Олардың қатарында  өңдеу, ауыл шаруашылығы, химия, тау-кен өндірісі және қаржы секторы компанияларының өкілдері бар. Сонымен бірге логистика, жасыл және цифрлық технологиялар салаларында тәжірибесі бар мекемелерді де кездестіруге болады. 

Сума Чакрабарти, ҚР Президентінің экономикалық даму және стратегиялар бойынша кеңесшісі:

- Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан саяси тұрғыда тұрақты елге айналды. Бүгінгі таңда республика бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің тізіміне енді. Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business 2020» рейтингісінде 190 елдің арасында 25-орында тұр. Мемлекет бұнымен тоқтап қалмақ емес және «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ниетті. 

Бүгінде Қазақстан мен Британияның бірнеше инвестициялық жобалары жұмыс істеп тұр. Енді олардың қатарына жаңалары қосылмақ. Британиялық компаниялар Маңғыстау облысында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жобасына, Қызылорда өңірінде Бала-Сауысқандық ірі ванадий кен орнын игеру ісіне, Алматы қаласының индустриалдық аймағында өнеркәсіпке арналған жабдықтар өндірісіне инвестиция салуға мүдделі. 

Йоахим Голдбек, компанияның бас директоры:

- Біздің компаниямыз Қазақстанда жұмыс істеген жылдары ешқашан сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келген емес. Менің ойымша, бұл біз және Қазақстан үкіметі қамтамасыз еткен ашықтықтың нәтижесі. Біз Қазақстанға инвестиция салу өте қауіпсіз екендігін айтқымыз келеді. 

Қатысушылардың пайымдауынша, Еуроодақтан шыққаннан кейін Ұлыбритания үшін Еуропадан тыс перспективалы жаңа нарықтармен экономикалық байланыстарды дамыту өте маңызды. Соңғыларының қатарында Қазақстан да бола алады. Британдық тарап бұған шынымен де мүдделі - Экспорттық несиелерге кепілдік беру жөніндегі агенттіктің қазір Қазақстан үшін төрт жарым млрд стерлинг фунты көлемінде мемлекеттік резерві бар және ол қазақстандық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылуы әбден мүмкін. 

Автор: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы