425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарапайым заттар экономикасы: 2500 жоба мақұлданып, 2200-ге жуығы субсидияланған

  • 126
  • UPD: 18:21, 22.10.2020
Қарапайым заттар экономикасы: 2500 жоба мақұлданып, 2200-ге жуығы субсидияланған

Елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2 мың 500 жоба мақұлданып, тағы 2 мың 200-ге жуығы субсидияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 1 триллион теңге жұмсалды. Бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кәсіпкерлік жөніндегі кеңесте осы мәселелер қаралды. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы жұмыстар Алматы қаласы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысында қарқын алып келеді. Жиында өңірлердегі жобалық кеңсе жұмыстары да сараланды. Премьер-министрге салалар мен нақты мемлекеттік бағдарламаларды қолдау шараларына талдау жүргізетін Интерактивті экономикалық карта жобасы таныстырылды. Оған Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері жеткілікті мәлімет ұсынған, ал Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Нұр-Сұлтан қаласы тарапынан әзірге тиісті көңіл бөлінер емес.

Хабар 24 телеарнасы