423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар экономикалық құлдырауды бәсеңдетті – А.Мамин

  • 131
Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар экономикалық құлдырауды бәсеңдетті – А.Мамин

Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар экономикалық құлдырауды бәсеңдетті. Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібінде оң динамика сақталды. Бұл туралы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесте Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді.

Ол сондай-ақ пандемиядан кейінгі тұрақты даму үшін 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар әзірленгенін айтты.Үкімет шетелден инвестиция тартудың жаңа тұжырымдамасын іске асыратын болды. Премьер-министр Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі мен халықаралық валюта қоры және өзге де жетекші халықаралық қаржы институттарының Қазақстан экономикасының дамуына оң болжам жасағанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы