425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі зауыт антибиотик өндіруді арттырды

  • 167
  • UPD: 23:18, 23.10.2020

Елдегі фармацевтикалық зауыттар қуатын арттырды. Шымкенттегі дәрі өндіруші ірі кәсіпорының да жұмысы қауырт. Фармацевтикалық алпауыттың зертханасы қазіргі уақытта дәрі-дәрмектің 51 түрін жасайды. Олар әзірге отандық нарықта жоқ. Зауыт пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде антибиотиктер өндірісін де арттырды. 

Осы зауыттың білікті мамандары жаңа дәрі-дәрмекті жасап шығаруда. Жақында ол препараттар конвейерден шығады. Ең бастысы, дәрі-дәрмек кәсіпорнында жеке ғылыми-зерттеуге арналған зертхананың болуы стратегиялық маңызды мәселе. 

Вероника Симофеева,  зауыттың департамент директоры:

- Қазіргі уақытта біз әртүрлі генерикалық дәрілерді жасап жатырмыз. Бұл неврология, кардиология, терапевтикалық салаларға қажетті өнімдер. Енді әрбір азаматтың отандық жоғары сапалы дәрілерді сатып алу мүмкіндігі бар. 

Фармацевтикалық зауыттың импортты алмастыру ісі бұрыннан жолға қойылған. Бірақ дәрі-дәрмектің негізгі шикізаты шетелден әкелінеді. Ал мұндағы көптеген шеберханалар таза ауа және ең жақсы жабдықтармен қамтылған.

Рустам Байгарин, зауыт директоры:

- Қазір біз екінші толқынға жақсы дайындықты бастап жатырмыз. Яғни бізден сатып алуды мемлекет жүргізіп жатыр. Қосымша тапсырыстар да жеткілікті. Біздің өндіріс алға жылжып келеді. 

Шымкенттегі компаниялардың бірі пандемияға байланысты медициналық арнайы қорғаныс киімдерін тігуді 40 есеге дейін көбейтті. Бүгінгі таңда кәсіпорын  ай сайын 50 мың дана қорғаныш құралдарын шығаруда.  Зауытта 120 адам үш ауысыммен жұмыс істейді. Олар жұқпалы аурулармен күрес кезінде бір  және бірнеше рет киюге арналған арнайы киімдер тігуде. Мұнан бөлек медициналық бетперде тігу желісі де тынымсыз жұмыс атқаруда.

Дінмұхамед  Бөбеш, компания директоры:

- Біздің өндірістік цехта бір реттік және көп реттік қолданатын арнайы қорғаныс киімдерін шығарамыз. Көп реттік қолданылатын ол мақтадан тігіледі. Ал бір реттік қолданылатын қорғаныс киім жіптен тігіледі. Сонымен қатар медициналық дәкеден бетперделер де шығарамыз. 

Сұраныстың артуына байланысты компания енді тағы бір өндірістік желіні іске қосуға әзірлік жасап жатыр. Оған қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтар сатып алынуда. Жаңа желі іске қосылған соң өндіріс қуаты қазіргіден тағы 2 жарым есееге артады. Зауыттағы жұмысшылар саны мың адамға жетпек. Дайын өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылмақ.

Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы