422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда медициналық маска өндірісі іске қосылды

  • 224
  • UPD: 21:38, 23.10.2020

Қостанай облысында бір реттік медициналық бетперделер шығарыла бастады. Аймақ үшін жаңа өндіріс бүкіл Қазақстан мен ТМД елдерін қорғаныс құралдарымен қамтуға дайын. Кәсіпорынның айына 5 миллиондай бетпердені саудаға шығаратын мүмкіндігі бар. 

Бұл цехта екі өндіріс желісі бар. Одан минут сайын бетперденің 160 данасы шығарылады. Олар екі қорғаныш және бір сүзгіш қабаттан тұрады.

Сергей Томашевский, бетперде шығаратын цех жұмысшысы:

- Сыртқы қабаты спанбонд, сүзуші материалы мелтблаун деген шикізаттан тұрады. Ішкі қабаты да спанбонд. Әрі қарай дайын түрінде дұрыс қатпарлы пішінге ие болады. Конвейер арқылы бүгіліп, резеңкелер ультрадыбыспен материалға жапсырылады. 

Конвейерден шыққан бетперделер сапа бақылауынан өтіп барып қапталады. Әзірше кәсіпорын дайын өнімді қоймаға орналастырып, тұтынушылармен байланысын нығайтып жатыр.  

Ислам Мамедов, бетперде шығаратын цех басшысы:

- Айына шамамен 5 миллионға жуық бетперде шығарамыз. Дәл қазір 2,5 млн жуық дайын өніміміз бар. Қазақстан аймағынан бөлек көрші мемлекеттердің нарығына шығуда жұмыс істейміз. 

Бетперденің бір данасы 40 теңгеден сатылады. Бұл сырттан әкелінетін дәл осындай тауардан арзан баға. Өз кезегінде бұдан ешнәрсе жоғалтпаймыз, дейді өндіруші.     

Дана Мұхтарова, тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін БД бас маманы:

- Аталған бетперделер медициналық өнімдердің мемлекеттік реестрінде тіркелген. Бұл дегеніміз олардың барлық техникалық талаптарға, сапа мен қауіпсіздікке толыққанды жауап беретінін дәлелдейді. 

Аймақта қорғаныс бетперделерінің шекті құны 60 теңгеден аспайды. Баға арнайы мониторингтік топпен күнделікті бақыланады. 

Авторлар: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы