422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің екі қаласында кинотеатрлар ашылды

  • 103
  • UPD: 18:00, 26.10.2020

Елімізде кинотеатрлар ашылды. Әзірге Ақтау және Атырау қалаларында ғана іске қосылды. Қалған өңірлерде алдағы уақытта бірте-бірте жұмысын бастайды.

Ал елорда мен Алматыда әзірге ашылмайды. Өйткені эпидемиологиялық ахуал оған мүмкіндік бермей тұр. Қос қалада індет жұқтырып жатқандар соңғы аптада жиілеп кеткен.

Еске сала кетсек, өткен аптада ведомствоаралық комиссия кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берген еді. Бірақ жағдай қалыпты аймақтарда ғана ашылады деп ескерткен.

Хабар 24 телеарнасы