422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға жұмыс істеуге келген мигранттарды рәсімдеу жеңілдеді

  • 202
  • UPD: 19:47, 26.10.2020
Қазақстанға жұмыс істеуге келген мигранттарды рәсімдеу жеңілдеді

Елге жұмыс істеуге келген мигранттар енді Азаматтарға арналған үкіметтің порталы мен халыққа қызмет көрсету орталығында пантенттерін рәсімдей алады.

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік корпорациямен бірге биылдан бастап осындай пилоттық жоба бастап еді. Осылайша «бір терезе» арқылы құжаттарды берудің тәртібі жеңілдетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға 7 жарым мыңдай патент берілген. Енді бірінші қарашадан бастап мемлекеттік қызметтің бұл түрін барлық орталықтарға енгізу көзделіп отыр. 

Самат Иманғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік» корпорациясы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары:

- Бүгінгі күнде мына жұмысқа келген шетелдік азаматтарды тіркеу және ұзарту қызмет түрін бүгінгі күнде 16 маусымнан бастап осы орталықта көрсетіп жатырмыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша С 409 мекен-жайы бойынша. Бұрын бұл қызметтер бізде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  Иманова көшесі, 31 мекен-жайында орналасқан ХҚКО көрсетілген болса бүгінгі күнде пилоттық жоба бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алты ХҚКО-да бұл қызмет түрлері жүзеге асып жатыр. Бұрын бұл бірнеше күн болған болса, қазіргі осы пилоттық жобаның арқасында жүгінушілер қызметтің нәтижесін ала алады.

Хабар 24 телеарнасы