423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде электронды сауда көлемі екі есеге артты

  • 89
  • UPD: 17:51, 26.10.2020

Өткен жарты жылда елімізде электронды сауда көлемі екі есе артқан. Яғни былтырмен салыстырғанда қазақстандықтар тауарларға интернет арқылы екі есе көп тапсырыс берген.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Айтуынша, 50 қазақстандық компания «Алибаба» алаңына шыққан көрінеді. Тағы 50 компания жыл соңына дейін аталған платофрмада жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек министр Ұлттық тауар өткізу жүйесі жайлы да айтып берді. Тауар бағасын сауда нысандарын көбейту арқылы арзандатуды көздейтін жүйені жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр деді Бақыт Сұлтанов. Әзірге мұндай 24 нысан салу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы