423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта ЕАЭО-да су көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасы қаралды

  • 101
Сенатта ЕАЭО-да су көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасы қаралды senate.parlam.kz

Дәурен Әділбековтың төрағалық етуімен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда «Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенатор Сүйіндік Алдашев заң жобасының мақсаты ЕАЭО елдері арасындағы су көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтты. Ол заң жобасында ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ішкі су жолдарында кемелердің кедергісіз қозғалысы үшін құқықтық негіз қалыптастыру, порттардың қызметтеріне теңдей қол жеткізу, қазақстандық кеме иелері мен кемелер экипаждары мүшелерінің мүдделерін қорғау көзделгенін атап өтті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат депутаттары заң жобасы қабылданғанда тараптардың ішкі су жолдары арқылы кемелердің транзиттік өтуіне рұқсат беру тәртібін жеңілдейтіні, екі жақты тасымал кезінде хабарлама жасау тәртібін енгізу және кемелердің өтуіне рұқсат беру мерзімдері қысқаратыны туралы айтты.

Сондай-ақ заң жобасында тараптардың кемелері үшін порттардың қызметтеріне қол жеткізудің теңдей жағдай ұсыну, оның ішінде кемелер экипажы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарды, кеме құжаттары мен теңізшілердің біліктілік құжаттарын өзара тану көзделіп отыр.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті заң жобасын Сенат отырысының қарауына енгізді.

 

Хабар 24 телеарнасы