423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл мемлекеттік кіріс жоспары 92% орындалды

  • 107
  • UPD: 18:06, 27.10.2020
Биыл мемлекеттік кіріс жоспары 92% орындалды

Жыл басынан мемлекеттік бюджеттің кіріс жоспары 92,1%-ке орындалды.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады. Оның айтуынша, бақылау рәсімдерін күшейту арқылы салық берешегінің көлемі 5,2%-ке азайды. Дегенмен, карантинге байланысты салықтық тексерулер шамамен 60%-ке қысқарды. Соңғы 9 айда 1500-ге жуық кедендік тексеру жүргізіліп, 7,2 млрд теңге өндірілді. Салық әмиянын пайдаланушылар саны 78 мыңнан асты. Үш тоқсан ішінде Call-орталықтарда 360 мыңнан астам қоңырау қабылданды. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтарды біріктіру қаралып жатыр.

Марат Сұлтанғазиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:

- Осы 9 айдың қорытындысы бойынша біздің есептеуіміз бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 1 трлн 100 млрд теңге түспей қалды. Ең бастысы, біз сол салық төлеу әдістерін жеңілдету осы біздің комитет тарапынан. Ол үшін бағанағы мобильдік, цифрлық технологиялар қолдану және де көп төлемдерді біріктіру қажет.

Хабар 24 телеарнасы