420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылатын болады

  • 123
  • UPD: 13:10, 28.10.2020
Еліміздегі мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылатын болады Kazgazeta.kz

Бұл туралы бүгін, 28 қазанда, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Жанат Жахметова хабарлады.

Жахметованың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады.

- 2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда, олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 400 млн.теңге. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті, - деді Жанат Жахметова.

- Көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы км.

сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған (қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады). Бұл игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер болып табылады. Осы уақытқа дейін аукциондар «көзбе-көз» режимде өткен, қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде, аукцион залдарына бару қажет еді. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады.

Ақпарат көзі: ҚР ЭМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы