424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда мұнайлы жер қойнауын пайдалануға рұқсат беретін аукцион өтеді

  • 89
  • UPD: 15:46, 28.10.2020

Елімізде 23 желтоқсанда көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына электрондық аукциондар өткізіледі. Өтініштерді қабылдау ертең аяқталады.

Жалпы ереже бойынша бәссауданы өткізу және оған қатысу үшін инвестор электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы онлайн өтініш жібереді. Энергетика министрлігі өтінішті 20 жұмыс күн ішінде қарап, оң шешімін ресми сайтында жариялайды. Хабарландыруда жер учаскелерінің тізімі, орналасқан аймағы мен сауданы өткізу уақыты көрсетіледі. Ал инвесторға жергілікті мамандарды оқыту мүмкіндігі мен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға кететін шығынды көрсету сияқты шарттар қойылады. Алғашқы жарна көлемі шамамен 277 мың тг. Аукцион gosreestr.kz сайтында өткізіледі. 

Жанат Жахметова, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Электронды бәссаудаға қатысушылар ресми сайтымызға тіркеліп, реттік номерін алады. Бірақ электронды аукцион алаңына сауданың өтуіне 1 сағат қалғанда кіру керек. Кері жағдайда бәссауда өтпей қалуы мүмкін. Бүгінгі таңда 30 қатысушының өтініші мақұлданды. Бәссаудаға Атырау, Ақтөбе және БҚО-на қарасты 10 мұнай-газ учаскесі қойылады. Учаскелердің жалпы ауданы 29 мың шаршы километр. Аукцион 23 желтоқсанда таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 5-ке дейін өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы