Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Атамекен» ҰКП: Әр өңір даму 5 жылдық даму бағдарламасын дайындауы керек

  • 92
  • UPD: 23:25, 30.10.2020
«Атамекен» ҰКП: Әр өңір даму 5 жылдық даму бағдарламасын дайындауы керек

«Елімізде әр өңір 5 жылдық даму бағдарламасын әзірлеуі керек». «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметке осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сонда аймақтағы бизнес саласы қарқынды дамиды», - дейді мамандар. Әсіресе, шекарада отырған өңірлерге жергілікті билік тарапынан қолдау керек. Арнайы механизмдер енгізіліп, көршілес ел нарығына шығу жолдары іздестірілуі тиіс. Көршілес Ресейде осындай тәжірибе бар. Мұндай бастаманы «Атамекен» өкілдері ұлттық палатаның VII съезінде көтерді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

- Шекарада отырған, Ресеймен шекарада отырған облыстардың ар жағындағы облыстар нақты саясат жүргізіп отыр. Біздің соңғы сыныпта оқитын оқушыларды өздеріне шақыруға жағдай жасап отыр. Өздеріне тартуға. Сондықтан біздің негізгі бағдарлама 5 жылға өңірлік бағдарлама қабылдау керек. Әр облыс өзінің бәсекелестігін біліп, шекарада отырған өңірлерге тағы да қосымша жергілікті бағдарлама арқылы қолдау жасау керек.

Хабар 24 телеарнасы