424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысы Жылыой ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқындады

  • 100
  • UPD: 09:16, 01.11.2020

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқынды жүріп жатыр. Өз кәсібін бастау үшін биылдың өзінде 102 адам грант алған. Тіпті тағы да ниет білдіріп отырғандар аз емес. 

Жайнагүл Бейсенбаева жастайынан тігіншілікті жанына серік еткен. Осы кәсіпті өркендетуді ойлаған ол былтыр аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 555 мың теңге көлемінде грант ұтып алған. Осылайша өзінің бала күнгі арманына біртабан жақындапты. Оның қолынан шыққан әр бұйым жылыойлықтарға жақсы таныс. Биік талғаммен тігілетін киімдерге сұраныс артқан. Кәсібіне қоса оқу орталығын ашып, қазір сол жерде жас қыз-келіншектерге тігіннің қыр-сырын үйретіп жүр. 

Жайнагүл Бейсенбаева, кәсіпкер:

- Қазіргі таңда 22 қыз оқыды. Оның 12 қызы өзінің кәсіптерін алып кетті әрі қарай. Қазіргі таңда ашып жатыр. 10 қыз оқытып жатырм. Оларға көмек ретінде жұмыспен қамтуға көмектесемін, бизнес ашуды үйретем. Бұрын оқыған 8 қыз грант ұтып алды. Кәсіптерін ашты. 

Жайнагүл өзін ғана емес, жылыойлықтарды да жұмыспен қамтып отыр. Қазір өз жобасын дамытып, аяқ-киім тігуді де қолға алған. Отандық өнімге сұранысты арттыруды ойлаған ол болашақта үлкен тігін цехын салуды жоспарлап отыр. Жылыой ауданында 555 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз несие 102 адамға бұйырыпты.

Қайрат Омаров, жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы:

- Аудан тұрғындарынан өтініштер түсіп жатыр. Әлі де «алам» деушілер көбеюіне байланысты біз қосымша тағы облыстан қаржы сұратып отырмыз. Осы қаражат бөлінген жағдайда, 102 адамның үстіне бірнеше адамға беретін боламыз.

Жалпы ауданда жұмыссыздықпен күрес қарқынды жүріп жатыр. Кәсібін бастап, нәсібін көргісі келетіндерге қолдау бар. «Еңбек» бағдарламасы арқылы биыл 16 адам төмен процентпен несие алған. Ал 14 тұрғын несиені рәсімдеуге қажетті құжаттарын реттеп жатыр. 

Асланбек Шығыр, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы