423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Өзбекстанға көтерме-тарату орталықтарының желісін құруды ұсынды

  • 90
  • UPD: 22:10, 03.11.2020

Бұл халықаралық ірі нарықтарға шығу үшін ауыл шаруашылығы өнімін бір жерде жеткілікті көлемде жинауға әрі өзара сауда-саттық көлемін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай ұсынысты Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ташкентке барған сапарында жасады. Роман Скляр бастаған делегация Өзбекстанның Үкімет басшысы Абдулла Ариповпен, оның бірінші орынбасары Ачилбай Раматовпен және Премьер-Министрдің орынбасары Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовпен кездесті. Тараптар өзара тиімді экономикалық байланыс орнатуға уағдаласты.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

– Біз қазақ-өзбек шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құруды талқыладық. Бұл орталық Қорғас іспеттес болмақ. Алайда мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ден қойылмақ. Яғни өзбекстандық тауар өндірушілердің өнімдері Қазақстанда қайта өңделіп, әрі қарай Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай нарықтарына жөнелтіледі. Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы мен Қорғасты қос портал ретінде өзара байланыстыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша өзбек тауарларына қазақстандық қосымша құн салығы қосылып, үшінші елдерге экспортталады.

Қос тарап экспортты біріктіре отырып, автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы жобаларын қарады. Әңгіме өзегіне айналған енді бір мәселе – үшінші елдердің нарықтарында сұранысқа ие өнімдерді мультимодальдық жеткізу, яғни автокөлікпен де, теміржолмен де, әуемен де тасымалдауды қалыптастыру. Өзбекстан премьер-министрі Термез – Мазари – Шариф сауда-логистикалық орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыруды ұсынды. Көлік, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптері, сондай-ақ микро, шағын және орта бизнес пен білім беру салаларына да екпін беріледі.

Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

– Сонымен бірге өзбек әріптестеріміздің ұсынысы бойынша Ташкентте фармацевтикалық жаңа өндірістің жобасын бастауды қолға аламыз. Ол мәселені зерттеуді біз өз тарапымызға алдық. Ендігі кезектеі соны қолдайтын компания іздейміз.

Хабар 24 телеарнасы