422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлеуметтік міндетті сақтандыру қорынан індетпен күреске қанша ақша жұмсалды?

  • 77
  • UPD: 20:55, 04.11.2020

Елімізде коронавирустық инфекцияның алдын алу және емдеу, сондай-ақ пандемиямен күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу үшін 135 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл қаражатты наурыз-қыркүйек айлары аралығында игерді. Шығындардың басым бөлігі медицина саласы қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақы төлеуге жұмсалған. Сондай-ақ провизорлық және карантиндік стационардағы емдеу шараларына қомақты қаражат қаралды. Онда пандемия басталғалы 240 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Ал қауіпті індетке шалдыққанды емдеуге 18,8 млрд теңге бөлінді. Шілде айынан бері елімізде мобильді бригадалар жұмысы жолға қойылған болатын. Бұл қызметке қор жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық қаражат бағыттады. Емхананың әрбір шақыруы орташа есеппен 5400 теңгеге бағаланады. Үш айда мобильді бригада 190 мың шақыртуға барған.

Қор өкілдерінің айтуынша, ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Хабар 24 телеарнасы