424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәленов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты ұсыныс жасады

  • 178
  • UPD: 15:43, 04.11.2020
Дәленов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты ұсыныс жасады

Зейнетақы қорындағы қаражат есебінен студенттердің оқуын төлеу. Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжіліс қабырғасында осындай ұсыныс жасады.

Сондай-ақ ол жоғары білім беру саласында мемлекет тарапынан берілетін кредиттер мен квоталар санын ұлғайту керектігін айтты.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қолдады. Енді келер жылдың басында қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын баспана алуға, денсаулығын жақсартуға немесе бағалы қағаздар сатып алуға жұмсай алады.

Айта кетейік, бұл ақшаға 700 мың отандасымыз қол жеткізіп, 1,4 триллион теңгені игілігіне жарата алады. Осы азаматтардың шотында қаражат көлемі жеткілікті болып тұр. Қазір ел Үкіметі зейнетақы қорындағы қаражатты беру механизмдерін әзірлеп жатыр. Мәселен, емделуге ниеттілер міндетті түрде медициналық комиссиядан өтуі тиіс. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл жоба сапалы әрі халыққа түсінікті болуы қажеттілігін ерекше атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы