Әлемде мұнай бағасы өсті. 9 қарашадағы сауда-саттықта қара алтын құны бірден 10%-ке көтерілді.
Бұған АҚШ пен Германия компаниялары жасаған коронавирусқа қарсы вакцина туралы жаңалық себеп болуы мүмкін. Сынақ кезінде екпенің тиімділігі 90%-тен асқан. Бұл хабарламадан кейін мұнай бірден қымбаттады. Түнде Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстерінің құны барреліне 43 доллардан асты. Бұл алдыңғы сессияның бағасынан 4 долларға жоғары. Нью-Йорк тауар биржасының электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстерінің желтоқсан айындағы бағасы барреліне 41 долларды құрады.