424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық маска мен импорт бетперденің бағасы бірдей арзандайды

  • 68
  • UPD: 14:37, 10.11.2020
Отандық маска мен импорт бетперденің бағасы бірдей арзандайды

Медициналық маска бағасын төмендету үшін шикізат бағасына зерттеу жүргізілмек. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Нұрлыбек Асылбеков брифингте мәлімдеді.

Бұған дейін бетперде бағасы 26 теңгеге дейін төмендейді деген ақпар шыққан еді. Жалпы пандемия басталғалы елде медициналық қорғаныш құралдарын өндіретін кәсіпорын саны 15-ге дейін жеткен. Қазіргі таңда сертификатталған медициналық масканың құнын арзандату бойынша кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Министрлік өкілі атап өткендей, отандық және сырттан алдыратын маска бағасы бірдей төмендетіледі.

Хабар 24 телеарнасы