424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңірлер бюджеттен бөлінген 24 млрд теңгені игермеген

  • 99
  • UPD: 15:46, 10.11.2020

Жыл басынан бері орталық атқарушы органдар республикалық бюджеттен бөлінген 24 миллиард теңгені игермеген.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұған конкурстық рәсімдердің ұзаққа созылып, орындалған жұмыстар үшін төлемдердің кешеуілдеуі себеп.

Бүгін үкімет отырысында ол өңірлер бойынша да қаражатты игеру жағы кемшін екенін айтты. Әсіресе Алматы қаласы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары жоспарланған қаржыны игеруге асығу керек.

«Жыл болса аяқталып қалды» деді. Жалпы елдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалында оң көрсеткіштер де бар. Мәселен, өңдеу саласында айтарлықтай өсім байқалады. Ал азық-түлік өндірісі шамамен 3 жарым процентке ұлғайған. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторы оң өсім қарқынын көрсетуде. Өңдеу өнеркәсібінде 3,2%-ке, оның ішінде азық-түлік өнімдері өндірісінде 3,4%-ке, фармацевтикада 39,7%-ке, дайын металл бұйымдары өндірісінде 19,5%-ға, машина жасауда 16,5%-ке, оның ішінде автомобиль жасауда 53,6%-ке, сондай-ақ қағаз өндірісінде 15%-ке және жеңіл өнеркәсіпте 16,4%-ке өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 10,7%-ке, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,7%-ке немесе шамамен 10,7 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5,2%-ке тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Өңірде жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді тиімді іске асыру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы