425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс жасыл экономикаға қатысты қарар қабылдады

  • 75
  • UPD: 19:27, 11.11.2020
Мәжіліс жасыл экономикаға қатысты қарар қабылдады

Елімізде жылына 400 млн 800 мың тоннадан астам көмірқышқыл газы ауаға тарайды. Алдағы он жылда оның көлемін 15 процентке азайту көзделген. Осы мақсатта республикада «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы қабылданғаны белгілі.

Бүгін аталған құжат негізінде Қазақстан мен Ресейдің ХVII ынтымақтастық форумы өтті. Жиында халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен кәсіпорын қызметкерлері, экологиялық ұйым өкілдері өндіріс орындарын озық қолжетімді технологияға көшіру мәселелерін талқылады. Өзара тәжірбие алмасып, ой бөлісті. Басқосу соңында қатысушылар арнайы қарар қабылдады. Онда табиғатты сақтау жөнінде шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеу, отандық кәсіпорындарға аудит жүргізу, стандарттарды әзірлеп ұсыну қарастырылған. Жалпы қазіргі таңда елімізде экологиялық кодекс әзірленіп жатыр. Соған сәйес 2025 жылдан бастап табиғатқа залал келтіргендерге салынатын айыппұл өсіп, тиімді технология енгізгенін ынталандыру көзделген. 

Елдос Абақанов, экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:

- Кәсіпорындар қолжетімді технологияға көшкен кезде бұған дейін айтқан экологиялық төлемдер 0 ставкамен. Яғни кәсіпорындар өзіне міндеттеме алса, он бес жылда модернизациядан жасаймыз десе сол кәсіпорындар кешенді экологиялық рұқсаттамаға көшкеннен кейін бюджетке ақша төлемейді. 

Өндіріс орындарын модернизациялау мақсатында Азиялық даму банкінен 80 млн доллар инвестиция тартылмақ. Кәсіпкерлер оны келесі жылдың соңында ала алады.

Хабар 24 телеарнасы