422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төлем карталары арқылы жүргізілген төлемдер 2,6 есе өсті

  • 84
  • UPD: 16:12, 12.11.2020
Төлем карталары арқылы жүргізілген төлемдер 2,6 есе өсті

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандықтар 23 трлн теңгеге 2 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жүргізді.

Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,6 есе артық, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Сәуір айында төтенше жағдайға байланысты бірқатар бизнес субъекті жұмыстарын уақытша тоқтатқандықтан, қолма-қол ақшасыз операциялар біршама азайды. Бірақ мамыр айынан бастап операциялардың көлемі орташа есеппен ай сайын 12% өсіп отырды. Қолма-қол ақшаны шешу операциялары керісінше азайып, карточкалармен жүргізілген операциялардың үштен бір бөлігінен аспады.

Қазірдің өзінде интернет-банкинг пен банктердің мобильді қосымшаларында жүргізілген операциялардың, яғни онлайн-операциялардың үлесі ұлғайып келеді. Егер 2019 жылдың 9 айында онлайн-операциялар үлесі 67% болса, биыл 81%. Орташа есеппен алғанда 9 айда онлайн түрде төлем карталарымен 68 миллиард теңгеден аса қаржыға 4 миллион транзакция өткізілген.

Жыл басынан мобильді банкинг аудиториясы тым белсенді болды. Қаңтар айында интернет-банкингті белсенді қолданатындардың саны 8 миллион болса, қыркүйек айында ол 12 миллионға жетті.

Жиі қолданылатын төлем карталарының саны – 25 миллион. Бұл картаның барлығын иелері қыркүйек айында онлайн төлем жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны шешу үшін де қолданды. Биылғы 9 айда қазақстандық банктер 12 миллион төлем карточкасын шығарды.

Хабар 24 телеарнасы