425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

  • 98
  • UPD: 23:56, 13.11.2020

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018-2020 жылдар аралығында қор сатып алуының 93 проценті, яғни жалпы соммасы бір триллион теңгеден асатын 4200 позиция бәсекелестік ортаға берілді. 23 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер сатып алуға тікелей қол жеткізді. Нәтижесінде 400 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделді. Осы жұмысты жалғастыру керек деді Елбасы.

Бүгінгі отырыста екі мәселе қаралды. Екеуі де өзекті. Әуелгісі – отандық өндірушілерді қолдау. Әсіресе, қазіргі пандемия кезеңде мұның маңызы зор. Бұдан бөлек, «Самұрық Қазына» инвестициялық холдингке айналмақ. Бұл да кеңес отырысына арқау болды.

Қазіргі ағдарыс жағдайында Үкімет отандық бизнесті қорғау үшін теңдессіз шаралар қабылдап жатыр. Елбасы мұның маңызды екенін айтты. Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында және экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін дағдарысқа қарсы шаралардың үш  пакеті қабылданды.

Бизнестің белсенділігі төмендеген тұста, мемлекеттік тапсырыс пен квазимемлекеттік секторлардың сатып алулары қазіргі кезде кәсіпорындарды қолдаудың ең тиімді жолы тұр. Бұл бағытта жүйелі жұмыс атқырылып келеді.

Қордың стратегиялық даму жоспарының тиімділігінің арқасында қиындықтарға қарамастан бастапқы қарқын бәсеңдеген жоқ. Ең бастысы, компаниялар әлеуметтік тұрақтылықты сақтап тұр.

Отырыс барысында кңес мүшелері қорды инвестициялық холдингке айналдыру жөніндегі тұжырымдаманы мақұлдады. Сонымен бірге әл-ауқат қорының басқармасына пандемия кезінде отандық өндірушілерді қолдау бастамасын жалғастыра беру тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы