425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы кәсіпкерлерінің 700-ге жуық жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды

  • 106
  • UPD: 23:43, 13.11.2020

«Almaty Business-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» және «Еңбек» бағдарламалары арқылы көптеген жеңілдіктер ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, білім, медицина, фармацевтика салаларында құны 200 миллиард теңгеден асатын жобалар жүзеге асты. Оған «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы қол ұшын берді.

Алматыда жақында ғана жұмысын бастаған «Alerma» отандық бренді бірден әлемдік нарыққа шыға бастады. Қазір оның өнімдері әйгілі «Alibaba» сайтында сатылады. Мұнда айына 1600 мамықтан жасалған сырт киімдер шығарылады. Қосымша 70 жұмыс орын ашылған. Аталған бренд KAZSPO-N компаниясына тиесілі. Бұл жетістіктердің барлығы мемлекеттік бағдарламаның арқасында дейді кәсіпкерлер.

Елена Свечникова, «КазСПО-N» компаниясының директоры:

– «Қарапайым заттар экономикасы» – өте тиімді бағдарлама. Алты пайыздық өсіммен 150 миллион теңге несие алдық.

Алматыда көптеген бизнес-жобаны іске асыруға «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы көмек көрсетуде. Мұнда жобаны қолға алған сәттен бастап оның ашылуына дейін қадағаланып отырады.  

Серік Мамытов, «QOLDAÝ» кәсіпкерлік орталығы бас директорының бірінші орынбасары:

– Осы жылдың басынан Қолдау орталығы ісін жаңа бастаған және істеп жүрген бизнесмендерден 5000-нан астам тындаушыны оқытып, 350-ге жуық бизнес-жоспар әзірледі. 400-ге жуық жоба рұқсат құжаттарын беруге сүйемелдеу алды.  

Жылдық өсімі 2 пайызбен 7 жылға 20 миллион теңге алған отандық «FURNITA» жиһаз жасау компаниясының жұмысы қарқын алып келеді. 

Жамбыл Қалдаров, «FURNITA» компаниясының қаржы директоры:

– Қазіргі таңда осы цехтың ашылуы әкімшілік тарапынан Алматы қаржы ұйымы және аймақтық бағдарлама Алматы бизнес 2025 бағдарлаламары үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Бұл компанияның болашақта жүзеге асырсақ деген көптеген жоспары бар. Бүгінде тегістеу техникасын шығарып, жылдамдықты екі есеге арттыруды көздеп отыр.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы