423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Әлемде алыс-беріс азаяды

  • 75
  • UPD: 15:33, 19.11.2020

Әлемдік экономика құлдыраудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алыс-беріс айтарлықтай азаяды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік иневсторлар кеңесінде осылай деді. Онлайн форматта өтіп жатқан жиында күрделі жағдаймен күресу, тығырықтан шығатын жол іздеу мәселелері талқыға салынды. Пандемия жаһан жұртын жарға жығып кетті. Оның салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін. Осы күні әлемде індет жұқтырғандардың саны 55 млн адамнан асқан. Вирус әлі де тыншитын емес. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қиын кезде Қазақстанда қалып, қызметін жалғасытрған шетелдік инвесторларға алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазір әлем елдері вирустың зардабын тартып отыр. Бұл індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Осындай қиын сәтте Қазақстанға қол ұшын созған инвесторларға алғыс айтқым келеді. Олар аянып қалған жоқ. Қал-қадірінше көмектесті. Біз инвесторлардың алаңсыз жұмыс істеуіне әлі де жағдай жасаймыз. Сондықтан алдағы уақытта бірлесіп қызмет қыламыз дегенге сенемін.

Одиль Рено-Бассо, Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті:

– Қазақстан 30 жылда толайым табысқа жетті. Экономиканы дамыту мен реформа жасаудың озық үлгісін көрсетті. Дұрыс бағытты таңдады. Әлі де дами түсетініне кәміл сенемін. Қазақстанға барудың сәті түсер. Сол күнді асыға күтіп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы