423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Туризмнен түсетін табыс артпақ

  • 57
  • UPD: 21:07, 18.11.2020
Туризмнен түсетін табыс артпақ

Туризм саласының болашағын шенеуніктер шешпеуі керек.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин туристік қызметке қатысты заң жобасын екінші оқылымға дейін жіті талқылап, зерттеуді тапсырды. 2023 жылға қарай ел қазынасына құйылатын қаражаттың 8% осы туризм саласынан түсуі керек. Сондықтан салаға жауаптылар туризмді дамытуға барын салуы тиіс.

Шетелге демалуға шығатын отандастарымыздың мүддесі толық қорғалуы керек. Ол үшін туроператорлардың мәселесі майшаммен қаралған жөн. Мәжіліс спикері туризмді түрлендіру арқылы ел экономикасын дамытуға, саланы ширатуға мүмкіндік туады деді.

Хабар 24 телеарнасы