420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент инвесторларды баламалы энергия көздерін өндіруге шақырды

  • 174
  • UPD: 00:29, 19.11.2020
Президент инвесторларды баламалы энергия көздерін өндіруге шақырды

Келесі жылы елімізде жаңа Экологиялық кодекс күшіне енеді.

Қазақстан жасыл экономиканы дамытуға жіті мән беріп жатыр. Сондықтан Президент мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқан инвесторларды баламалы энергия көздерін өндіруге шақырды. Күн және жел электр станцияларын салуға  атсалысса, игі болар еді деді. Өйткені қазір мұнайдың бағасы құлдырап барады. Оны өндіру көлемі де біршама азайған. Сондықтан біздің ел жаңа бағыттарға бет бұруы керек.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мұнай-газ саласындағы компаниялар баламалы энергия көздерін өндіруге де басымдық беру керек. Қазір күн және жел электр станцияларын салуға келісім берген бірлі-екілі компания бар. Қалғандары да солардың қатарына қосылса екен деймін.

Хабар 24 телеарнасы