422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жаңа 100 теңгелік монеталар пайда болды

  • 61
  • UPD: 14:34, 19.11.2020
Қазақстанда жаңа 100 теңгелік монеталар пайда болды ҚР ҰБ

«Дала қазынасы» монеталар сериясынан «JETI QAZYNA» биколорлы айналыстағы монеталары бірқатар өңірде айналымға енді.

Олар кәдімгі айналыстағы монеталармен қатар пайдаланылады.

Яғни номиналы 100 теңгелік «JETI QAZYNA»: «ER JIGIT», «SULÝ ÁIEL», «QUMAI TAZY», «AQYL BILIM», «BEREN MYLTYQ», «JÚIRIK AT», «QYRAN BÚRKIT» 7 монетасы заңды төлем құралы болып саналады және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті – оларды тауар сатып алуға немесе көрсетілген қызметтерге төлеуге болады.

– Монеталардың өлшемі өзгеріссіз сақталғанын, сондықтан төлем терминалдары мен басқа да кассалық техниканы қосымша қайта теңшеуді қажет етпейтінін атап өткім келеді, – ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Егер кәсіпкерлер монеталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда ҚР ӘҚБК 206-бабына сәйкес оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, 5-25 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Хабар 24 телеарнасы