425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «G-Global. XXI ғасырдың әлемі» атты халықаралық конгресс өтті

  • 32
  • UPD: 12:13, 20.11.2020

Онлайн форматта ұйымдастырылған шара 3 күн бойы жалғасын тапты.

Жиын барысында тұрақты экономикалық өсім мен сауда, қаржы және қалалардың білім мен инновация саласындағы келешегі талқыланды.

Биыл G-Global хатшылығы конгресті еліміздің тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырып отыр. Бұл алаң Елбасының барлық халықаралық бастамасын біріктірді. Пандемия салдарынан онлайн форматта өтетін шараға бірқатар мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары және түрлі қаржы ұйымдарының сарапшылары қатысып, кәсіби пікірлерімен бөлісті.

Мұрат Қарымсақов, «G-Global» халықаралық хатшылығы жетекшісінің бірінші орынбасары:

– Конгресс толықтай онлайн түрде өткізілді. Менің ойымша, бұл формат шараның сапасына еш теріс әсерін тигізбейді. Керісінше бұл өте ыңғайлы. Қазір біз бұрын-соңды келе алмаған спикерлермен тілдесе аламыз.

Конгресс аясында 7 түрлі ірі онлайн шара өтіп жатыр. Мұнда блокчейн, Ұлы Жібек жолының дамуының басты мәселелері қозғалды. Сондай-ақ дағдарысқа қарсы күрес жүргізу мен жоғары білім беру саласы қамтылды. Нәтижелері халықаралық сарапшылар назарына ұсынылады.

Серік Нөгербеков, «G-Global» халықаралық хатшылығының жетекшісі:

Талдаушылардың басын қосып, декларация қабылдаймыз. Сол декларация аясында халықаралық G-Global хатшылығына 147 мемлекеттің сарапшылары кіріп жатыр. Бәрінің басын қосып, декларация жасаймыз. Осы шараның нәтижесін жасаймыз. Халықаралық ұйымдарға таратамыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді мұндай шара жыл сайын онлайн форматта өткізілетін болады.

Авторлары: Дариға Ташенова, Жандос Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы