422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жібек жолы» елдерінің қоғамдық альянсы құрылуы мүмкін

  • 31
  • UPD: 19:05, 20.11.2020

«G-Global» халықаралық форумының ұйымдастырушы комитеті құрылады. Оған қалалар мен өңірлердің жауапты өкілдері кіреді. Бұл туралы «G-Global. 21-ғасырдың әлемі» конгресінде айтылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай ұйымдастырылған шара елордада онлайн форматта өтіп жатыр. 

Ерекше форматта өткен «G-GLOBAL» жиынында әлемдік сарапшылар бірнеше тақырыпты талқылады. Оның ішінде «Жібек жолы» бойындағы қалалардың ынтымақтастығы және әлемдік дағдарысқа қарсы шаралар сөз болды.

Серік Нөгербеков, «G-Global» халықаралық хатшылығының жетекшісі:

- Еуразия континенті халықтарының достасуын, экономикалық сауда-қарым қатынастарын нығайтуы жөніндегі жұмысты қалай өткізу керек Блокчейнді қалай дамыту керек? Осы блокчейннің арқасында «Бір белдеу – бір жол» жобасын қалай жүзеге асыру керек? Сол бойынша үлкен пікірталастар өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуыцнша, басты мақсат - «Жібек жолы» мемлекеттерінің қоғамдық дипломатия альянсын құру. Себебі ғылым, бизнес және жергілікті биліктің біріккен жұмысы экономиканың дамуына жол ашады. Қазір осы бағытта ғалымдар мен қала басшыларын біріктіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Мұрат Қарымсақов, «G-Global» халықаралық хатшылығы жетекшісінің бірінші орынбасары:

- Конгресс аясында қала басшыларының форумы өтті. Онда «G-Global» ұйымдастырушы комитетін құру туралы шешім қабылданды. Оған өңірлердің жауапты өкілдері кіреді. Комитет келесі форумға онлайн дайындықты бастап, қоғамдық дипломатия альянсын құру мәселелерін пысықтайды.

Бұдан бөлек комитет «Жібек жолының ғаламдық сыйлығын» тағайындауға дайындық жүргізеді. Марапат өнер, мәдениет, спорт, бизнес өкілдеріне және ағартушылық, бітімгершілікпен айналысатын адамдарға беріледі.

Авторлар: Ғазиза Мұхамеджанова, Жандос Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы