424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» партиясы азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдарын іздестіруде

  • 49
  • UPD: 20:48, 20.11.2020
«Ауыл» партиясы азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдарын іздестіруде

Азық-түлік бағасын қалай тұрақтандыруға болады? «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қостанайлық өкілдері бүгін осы мәселені талқыға салды.

Қазіргі кезде шикізаттың құны шарықтап тұр. Мысалы, отандық өңдеу кәсіпорындары күнбағысты 50 процент өсіммен сатып алады. Ал зығыр одан да қымбат. Сондықтан ауылшараушылық өнімдерінің бағасы аспандап барады. Ал оны тұрақтандыруға болады, дейді конференцияға қатысушылар. Бүгінде Қазақстандағы көптеген компаниялар қарапайым, ескі технологияны қолданады. Шикізатты терең өңдеуге көбінің құлқы жоқ. Бұл саланы дамыту үшін бірінші кезекте ғалымдармен тығыз байланыс орнату керек. Дәл қазір ғылым мен өндірістің арасы тым алшақ жатыр. «Ауыл» партиясының өкілдері осылай дейді.

Валентин Хаданович, «Ауыл» ХДП партиясы төрағасының орынбасары:

- Өкінішке орай, университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтіндердің өндірістік тәжірибесі аз. Олар тек ғылыми зерттеумен айналысады. Оған қоса аграрлық ғылымды қаржыландыру жағы да мардымсыз. Сондықтан ғылым мен өндірістің байланысында күрделі мәселелер көп. Бірақ мен бұл жағдайды оңалтуға болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы