432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион еуро қарыз алады

  • 273
  • UPD: 13:31, 24.11.2020
Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион еуро қарыз алады

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаражат есебінен келер жылдың бюджеттік тапшылығы өтеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ақша коронавирус індетімен күресуге және ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалмақ. Бұл қарыз 2 бөліктен 10 жыл ішінде қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ министр Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де шамамен 662 миллион еуро алу көзделгенін хабарлады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл қаражаттың орынды жұмсалу қажеттілігін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы