420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО: Қазақстанның алыс-беріс көлемі 33% өсті

  • 90
ЕАЭО: Қазақстанның алыс-беріс көлемі 33% өсті Kazakh TV

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара алыс-беріс көлемі одақ құрылғалы 33 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Отандық экспорттың физикалық көлемі 4 процентке жоғарылады. Оның ішінде өңделген өнім үлесі – 58 процент. Экспорттық қоржынның ассортименті де 2 есе өсіп отыр. Соңғы 5 жылда қазақстандық көкөніс экспорты 9 есе, жеміс-жидек бойынша шамамен 5 есе және сүт өнімдерінің экспорты 2 есе артты. Одақтас елдердің инвестиция мөлшері 6 процентке өсті. Дегенмен одақта кедергілер де жоқ емес. Мәселен, сауда-саттықта анықталған 62 кедергінің 52-сі жойылды. Оның ішінде 25 экономикалық барьер Ресей Федерациясының үлесіне келеді. Мұндай жағдайлар туралы кәсіпкерлер Сауда және интеграция министрлігінің қоғамдық қабылдауына келіп шағымдана алады. Кейін мәселе бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешіледі.

Динара Щеглова, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

– Біз Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың оң қарқынын сақтауды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамыту 5 жылға арналған жүйелі және жан-жақты қамтитын тәсіл қалануда. Ол өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған.

Хабар 24 телеарнасы