Еуразиялық экономикалық одақ ішкі транзитті толық электрондық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл туралы баспасөз жиынында Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов айтты. Тасымалданатын жүктерді мониторингтен онлайн өткізу үшін навигациялық пломбалар қолданылады. Осындай жаңашылдық қазақстандық жүк тасымалдаушыларға жүкті қысқа уақыт ішінде жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қауіпті тауарларды тасымалдау бағытын қатаң бақылауға алатын жүйе енгізу көзделіп отыр.