425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың инвестициялар қоры құрылады

  • 211
  • UPD: 21:29, 24.11.2020

Елімізде жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылады.

Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Инвестициялар технология мен IT, базалық тауарлар шығару және мұнай-газ секторына салынады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға арналған жабдықтарды құрастыруға да бағытталады. Мысалы Теңіз кен орнында мұнай өндіретін Chevron компаниясы келімісімшарт бойынша таза табысының бір бөлігін қазақстандық жобаға инвестициялауға міндеттеледі. Министрліктің хабарлауынша, қор қызметі Қазақстанның жалпы ішкі өніміне оң әсер етеді.

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:

- Орталық құрылады. Оның ішіне министрліктің өкілі, Chevron компаниясының өкілі, басқа да мекемелерден өкілдер кіріп, осы орталық жұмысын бағалайды. Яғни жер қойнауын пайдаланушы компанияларға қазақстандықтар қандай тауарлар қоя алады және ол тауаралар бұл жерде шықпайтын болса, шығару үшін қандай іс-әрекеттер және қор арқылы несие де беріледі. Осы мәселелер пысықталып, санаулы күннен кейін біз бұны тағы да жариялаймыз.

Мұнай-газ машинасын жасау мен сервисті дамыту халықаралық орталығы құрылады. Ол ТШО, НКОК, КПО сынды ірі операторлар бірігіп, Қазақстанда жергілікті қамтудың үлесін арттырумен айналысады. Сондай-ақ орталық операторларға қызмет көрсететін жергілікті сервистік компаниялардағы бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы