427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Ресеймен бірлесіп дайын өнім шығаратын кәсіпорындар ашуы керек – сарапшылар

  • 294
Қазақстан Ресеймен бірлесіп дайын өнім шығаратын кәсіпорындар ашуы керек – сарапшылар

Бүгін еліміздің стратегиялық зерттеулер институтында өткен кездесуде отандық сарапшылар осындай пікір айтты.

Мұндай жобалар қос мемлекеттің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға сеп болады дейді мамандар. Сондай-ақ цифрлық сауда саласында жобаларды жүзеге асыру да екі жақтың экономикасына зор пайда әкеледі. Онлайн жиында көрші мемлекеттердің індет кезіндегі әрекеттері, Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығының жұмысы жайында сөз қозғалды. Ұжымдық қауіпсіздік мәселелері де талқыға салынды.

Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Денсаулық сақтау, білім беру саласында да қазіргі заманның жаңа талаптарына байланысты жаңа деңгейге, жаңа форматқа қою қажеттілігі бар. Соған байланысты екі жақты қарым-қатынастар әлі де көп мүмкіндіктерді қарастыруға және оны табуға болады деп ойлаймын. Кездесудегі сарапшылардың пікірлері де осы бағытта.

Хабар 24 телеарнасы