420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бір жылда азық-түлік 10,7%-ке қымбаттады

  • 104
  • UPD: 12:31, 26.11.2020

Кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру бағдарламасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешімді Ұлттық банк қабылдаған. Сонымен бұл қандай өзгеріс?

Қорған Төреқожа, тілші:

- Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді несиелеуге қосымша 200 млрд теңге бөлінді.

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша еліміз әлемдік рейтингте 113 мемлекеттің арасынан 48-орыннан көрінді. Алдыңғы үштікте Сингапур, Ирландия мен АҚШ тұр. Energyprom.kz-ның мәліметінше, елде шамамен бір жылда 1,5 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 17,5%-ке көп. Өндіріс көлемі ғана емес, азық-түліктің бағасы да өсіп жатыр. Мәселен бір жылда тамақ 10%-тен көп қымбаттаған. Алдымен жұмыртқаның құны шарықтаған. Одан соң жеміс пен көкөністің бағасы өскен. Нан өнімдері мен май, балық қымбаттады. Еттің бағасы бір жылда 9,5%-ке еселенді. Жалпы мұндай өсім елдің басым бөлігінде байқалады. Әсіресе, қымбатшылықты Шымкент, Қызылорда, Павлодар өңірінің жұрты сезінген.

***

Қазақстанда қант өндірісі азаюы мүмкін

Азық-түлік қымбаттап жатқанда елде қант өндірісі азаюы мүмкін. Себеп – қант қызылшасы биыл бітік шыға қоймады. Маусым айында қажетті мөлшерде жауын-шашын болмады. Көп шаруашылықтың егістігін күн қуырып жіберді. Бізде биыл қант қызылшасы 20 мың гектарға егілген. Бұл аз. Алдағы 7 жылда егістіктің көлемін енді 70 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарда бар. Сол кезде өз-өзімізді қантпен толық қамтамасыз ете аламыз. Ал, қазір өзімізде өндірілген қанттың үлесі 40% қана. Қалғаны импорт. Бұл өз кезегінде бағаға әсер етпей қоя ма?! Мұны қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева айтты. Ол биылғы күзде елде қанттың келісі шамамен 220 теңге болады деп болжаған. 

Бірақ болжам тура болмады. Қазір көп өңірде қанттың бағасы шарықтап тұр. Талдықорғанда ғана 220-дан сатылып жатыр. Айтқанымыз айғақты болғай.

***

«Нарықтағы баға» айдары

Сонымен қанттың келісі Талдықорғанда 220 теңге. Петропавлда 289 теңге. Шымкентте 290 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Атырауда қанттың келісі 300 теңге болса, Көкшетауда 320 теңгеге бірақ жеткен. Елордада 275 теңге.

***

Шығынға батқан кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беріледі

Кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Мұндай шешімді Ұлттық банк қабылдаған. Сонымен бұл қандай өзгеріс? Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді несиелеуге қосымша 200 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаның уақыты келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Бұл ретте ірі кәсіпкерлік нысандарына шектеу бар. Яғни қарыз алушыға 6 млрд теңгеден артық берілмейді. Ал, шағын және орта бизнестің өкілдеріне арналған лимит – 3 млрд теңге. Жеңілдетілген несиені алу үшін шығынға батқан бизнес иелері екінші деңгейлі банктерге өтініш беруі керек.

***

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» төрағасы ТОП-10 басшылардың тізіміне кірді

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасы және Қытай инвестициялық корпорациясы, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Mubadala» егеменді қоры, Кувейттің ұлттық әл-ауқат қорының бірінші жетекшілерімен бірге инвестициялық ұйымдардың ТОП-10 басшысының қатарына кірді. Бұл – SWFI-дің шешімі. Атап өтейік, SWFI – тәуелсіз әл-ауқат қорларын, орталық банктерді, инвестициялық басқарушы компанияларды, активтерді, ұзақ мерзімді мемлекеттік инвесторларды, зейнетақы қорларын зерттеуге арналған ғаламдық ұйым. Ал, Public Investor-10 – бұл инвестициялық ұйымдардың ең беделді басшыларын қамтитын жаһандық танымал рейтинг.

***

Теңгенің нығая түсуіне не себеп?

Ұлттық валютамыз 1 долларға шаққанда қыркүйектен бастап алғаш рет 423 теңге деңгейіне жетті. Ұлттық банк мұның себебін түсіндірді. Ведомствоның монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов апта басынан бері ұлттық валютаның бағамы 1,2%-ке нығайғанын айтты. Бұған АҚШ-тағы биліктің ауысуы да әсер еткен. Ал, Brent маркалы мұнай Азия нарығында наурыздың басынан бері алғаш рет бір баррель үшін 48 доллардан асты. Енді дамушы елдердің валютасы нығайып жатыр. Мәселен, апта басында Оңтүстік Африка ранды 1,3%-ке бекісе, Ресей рублі 1, Мексика песосы 0,3%-ке өсті. Бұл жерде рубльдің өзі экспортерлердің тарапынан түскен салық есебінен нығайып отыр. Ал, теңге сыртқы және ішкі факторлардың жайлылығынан, энерготасымалдаушылардың және табиғи байлықты пайдаланушылардан түскен көлемді салықтардың арқасында өсіп отыр.

Ұлттық банктің сайтында бүгін АҚШ-тың бір доллары 422 теңге 87 тиын болды. Еуро 503 теңге 38 тиынға тең. Ал, рубль 5 теңге 6 тиын.

Хабар 24 телеарнасы