431,11 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық кәсіпкерлер өзбек нарығына шығып жатыр

  • 327
  • UPD: 12:53, 26.11.2020
Қазақстандық кәсіпкерлер өзбек нарығына шығып жатыр

Өзбекстанға бір топ алматылық бизнесмен барып, іргедегі көрші елде кәсіптерін дөңгелетуге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, қос тарап бауырлас мемлекетке IT, маркетинг, қызмет көрсету технологияларын қолдану бойынша қазақстандық тәжірибені енгізуге уағдаласты. Мәселен, алматылық компаниялардың бірі өзбек бухгалтерлерін онлайн оқыту ісін жетілдіруді көздеп отыр. Дәлірек айтқанда, біздің мамандар қаржы есеп-қисабының халықаралық стандарттарын пайдалануды үйретеді. Сонымен бірге Қазақстанның ірі сауда желілерінің бірі Ташкентте өз дүкендерін ашу бойынша келісімге келді. «Мұның бәрі екі ел арасындағы сауда айнылымын арттыруға бағытталған», дейді сарапшылар. Өйткені пандемия кезінде өзара алыс-беріс 21%-ке азайған. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Қазір қос мемлекеттің Үкіметтері сауда-саттықты 10 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Максим Барышев, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:

- Қазақстанның ең ірі сауда желілерінің бірі Өзбекстан нарығына кіреді деген уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл желі 2021 жылы Ташкентте 6 дүкенін ашуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, қазақстандық клинингтік компаниялардың бірі де Өзбекстан астанасында өрісін кеңейтпек. Алдын ала келісім бойынша олар Ташкенттегі аудандардың бірінде қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы